Сейсенбі, 16.05.2024, 16:00
| RSS
Басы
Кіру формасы

Бөлімдер

Block title
Жағымды [7]
Жиналыстар мен кездесулер [4]
Әр түрлі [1]

Кез келген

Іздеу



Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 12
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық еңбек және соғыс ардагерлері Кеңесі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты өзара пікір алысу жиналысын өткізді.
Онда Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық пен өткізуге байланысты облыстық жоспар талданып, оның ішінде ауданға қатысты атқаруға жататын міндеттемелерді бөлу, аудандық жоспарды жасақтауға қатысты өзара ой бөлісілді. Ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, Жеңіс мерекесін лайықты атап өтуге бағытталған аудандық іс-шара жоспарының жобасы жасалынды. Іс-шара жоспарының жобасы тиісті тапсырмалар берілетін құзырлы органдармен келісу арқылы аудан басшылығы арқылы беркітілетін болады.
Жағымды | Просмотров: 614 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 20.01.2010 | Комментарии (0)

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы 14-16 қаңтар аралығында «Жазғы уақытқа» көшудің тоқтатылуының тұрғындардың көңіл күйіне әсерін анықтау мақсатында сауалнама сауалнама жүргізілді.
Сауалнама Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілген болатын. Сауалнамаға халықтың әр жастағы топтарынан 30 адам қатынасты. Сауалнама қорытындысы бойынша анықталғаны, басым көпшілік «жазғы уақытқа» көшудің тоқтағанынан біраз жыл өтті, алғашқы жылы мүмкін әсер еткен болар, ал қазір халық бұған үйренісіп кеткендігін айтады.
Жазғы уақытқа көшудің тоқтатылуы дұрыс, өйткені, уақыттың жылына екі мәрте ауысып тұруы адамдардың денсаулығына, біраз уақытқа дейін көңіл күйіне әсер етеді және қозғалыс, жүру кестелерін әбігерге түсіреді деп есептейді.
Дегенмен, жазғы уақытқа көшсе адамның ерте тұрып, уақытты тиімді пайдалануы, пайдалы іспен ұштастыруын басты мәселе ретінде көрсеткендері де 40 пайызды құрады.
Солай де?! | Просмотров: 725 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 20.01.2010 | Комментарии (0)

Атырау облысы Жылыой ауданында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етудегі аудандық құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің рөлі ерекше.
Кеңеспен 2008 жылдың 9 айында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жылыой ауданының халқы 70 мың құрайды, оның ішінде Құлсары қаласында 50 мың халық тұрады.
Ауданда республика көлемінде ең үлкен мұнай кен орындарының бірі Теңіз кен орны орналасқан.

Теңіз вахталық поселкесінде қазіргі уақытта вахталық әдіспен бірнеше мың адам алыс, жақын шет елдерден және еліміздің әр облысынан келіп қызмет атқаруда.

Аудандық Үйлестіру Кеңесінің жұмыс жоспарын жасақтау кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қоса аудан ерекшелігі ескеріліп аймақта Қазақстан Республикасының еңбек, қоғамдық және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы, табиғат қорғау заңнама нормаларының орындалуы мәселелері өзекті және маңызды болғандықтан қосылуда.

Кеңестің жұмыс жоспарына көкейкесті мәселелер енгізіліп, нәтижесінде аудан халқы үшін өзекті проблемаларды шешуге әсерін тигізуде.

Мысалы, Үстіміздегі жылдың 31 қаңтар күні Үйлестіру Кеңесінің мәжілісінде «2007 жылы қылмыстың жекелеген түрлері бойынша өсуі» тақырыбы қаралып, аудан бойынша қылмыстардың өсу себептері талданып, анықталғандай, қылмыстың барлығына жуығы Құлсары қаласында, соның ішінде қоғамдық орындарда және көшедегі қылмыстар. Яғни, қылмыс халық көп шоғырланатын ықшам аудандарда, жарығы жоқ, тірек пунктері жоқ көшелерде болып отырған.

Сондықтан, Кеңес мәжілісі үстінде, қала аумағында тірек пунктерінің санын көбейту туралы мәселе көтерілген болатын.

Соның нәтижесінде қазіргі уақытта Құлсары қаласы бойынша төмендегі полиция пунктері ашылды:
- Вахтовый ықшам ауданымен 1 ауылдың ортасынан учаскелік тірек пункті ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
- 5 ықшам ауданда стационарлық бекет, осы бекет ашылуымен ықшам ауданда көше төбелестері және басқа да қылмыстар тіркелуі азайып отыр.

- 3 ықшам ауданда стационарлық бекет ашылып, қылмыстың түңгі уақытта көп тіркеліп отырған «Сымбат» кафесінің маңы қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілді.
- орталықтан алыс орналасқан Вокзал маңы ықшам ауданында да тірек пункті ашылып, халық кез-келген қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы сол бекетте қызмет етіп жатырған полиция қызметкеріне тез арада хабарласуына мүмкіншілік алды.

Қылмыстың өсуін тоқтату мақсатында, әрбір 10 күн сайын талдау жасалып, патрульдік полиция маршруттарын дер кезінде өзгертіп, криминалдық ахуалы нашар аудандарды жауып, сол аудандарда, бөлім қызметкерлерін, аптаның әрбір жұма, сенбі, жексенбі күндері көшелерге шығарып рейдтік шаралар өткізіп, сонымен қатар 3 ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, 31.01.2008 жылғы №2 шешімнің 5 тармағымен барлық құқық қорғау органдары аудан аумағында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына бағытталған белсенді іс-қимылдар жасау және ақпараттармен үнемі алмасу ұсынылған.

Бұл шешім бойынша ҰҚД-нің Жылыой аудандық бөлімімен Теңіз қалашығында азаматтардың конституциялық құқықтары өрескел бұзылу фактілері анықталып, аудандық прокуратураға хабарланды.

Аудандық прокуратурамен тиісті тексеру жүргізіліп, мыңдаған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің объектілерін күзетумен айналысатын «Групп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС жоғарыда аталып өткен мекеме басшылығының хабардар етілуімен көп уақыт бойы Қазақстан Республикасының заңдарының, Үкімет қаулыларының талаптарын бұзып келген.

Атап айтқанда, автокөліктерге заңсыз арнайы және дыбыс беретін қондырғылар орнатып, жылдамдық өлшеуіш құралдарды пайдаланған.

Мысалы: «Групп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС өз қызметінде заңсыз «Визир» жылдамдықты бейне өлшеуіш құралын пайдаланған, яғни, рұқсат етілген жылдамдықтан (70 км/сағ) арттырып жүргізген жағдайда мекеменің күзетшілері көліктерді тоқтатып, инцидент-рапорт жасақтап, оны мердігер және қосалқы мердігер мекемелерге шара алу үшін жолдап отырған.

Сонымен қатар, аталған күзет мекемесіне қарасты транспорт құралдары заң бойынша тек қана мемлекеттік қызметке қарасты (жедел жәрдем, Президент күзеті, ІІМ, ТЖ т.б.) арнайы автокөліктер жабдықтандырылатын арнайы жарықтындырғыш және дыбыстық сигналдармен заңсыз жабдықталған.

Сондай-ақ, тексеру барысында «Теңізшевройл» ЖШС басшылығы зауыт аумағында барлық жұмысшыларды автотранспорт құралдарын жүргізуді үйрену үшін курстардан өтуге және содан кейін ғана «ТШО» ЖШС-нің автокөліктерін жүргізуге рұқсат (ТШО-ның жүргізушілік куәлігі) алуға мәжбүр еткендігі анықталды.

Жұмысшылардың ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіппен алынған жүргізушілік куәліктері бола тұра оларға жоғарыда аталған куәліксіз мекеменің көліктерін жүргізуге рұқсат берілмеген.

Тексеру қортындысы бойынша прокуратурамен «Групп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС және «ТШО» ЖШС басшыларының атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, алайда ол қанағаттандырусыз қалдырылған.

Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғау мақсатында прокуратурамен Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Групп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС-нің «Визир» жылдамдық өлшеуіш құралын қолдануын, автокөліктерге арнайы танымдық белгілерді қондыруын, «ТШО» ЖШС-не қарасты автокөліктерді жүргізуге рұқсат беруді қолдануды заңсыз деп тану жөнінде талап арыз берілді.

Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27 маусым 2008 жылғы шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылып, «Групп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС-нің және «Теңізшевройл» ЖШС-нің әрекеттері заңсыз деп танылып, «Групп 4 Секурикор Казахстан» ЖШС бұдан әрі жылдамдықты бейнеөлшеуіш құралдарын, «ТШО»-ның символикасы бейнеленген және «қауіпсіздік қызметі» жазбасы бар арнайы танымдық белгілерді, арнайы жарықтандырғыш сигналдарды автокөліктерге қондырмауға және «ТШО» ЖШС-ін алдағы уақытта автокөліктерді жүргізуге рұқсат беруді қолданбауға міндеттеді.

Сөйтіп, аудандық прокуратураның араласуымен 1 500 астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
Басқа мысал, 25.04.2008 жылғы №3 хаттаманың екінші мәселе бойынша 3 тармағына сәйкес, ҰҚКД-нің Жылыой аудандық бөліміне аудан аумағына республиканың кейбір облыстарынан әр-түрлі дінді уағыздаушылар келгені анықталған жағдайда, Жылыой АІІБ-і және аудандық прокуратура тез арада хабарлап, бірлесіп олардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға шаралар алу, аудандағы поселке, селоларында орналасқан мешіттерінде жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тіркелмеген діни уағыздаушылардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қоюға шаралар алу ұсынылған.

Аталған шешім бойынша ҰҚКД-нің Жылыой аудандық бөлімі аудандық прокуратураға Жылыой ауданы мұсылман мешітінде белгісіз адамдармен діни уағыз жүргізіліп жатырғаны туралы хабарланды.

Аудан прокуратурасымен ҚР «Қоғамдық және діни бірлестіктері туралы» заңының қолдынылуына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында «Табиғи жамағат» ұйымының мүшелері Б.Ахметкалиев, А.Ермаганбетов, О.Жайбергенов, С.Коштаев және Д.Аксеев аудандық ішкі саясат бөлімінен ешбір рұхсат құжатсыз «Жылыой ауданы мұсылман мешітінде» діни уағыз жүргізген.

Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 4-1 бабында «ҚР аумағында миссионерлік қызметті уәкілетті органда есептік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады»-делінген.

Алайда, «Табиғи жамағат» діни ұйымы Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің және әділет басқармасының жолдама хаттарына сәйкес Жылыой ауданы бойынша аталған қоғам тіркелмегендігі анықталды.

Тексеру нәтижесімен аудандық прокуратурасымен Б.Ахметкалиевке, А.Ермаганбетовке, О.Жайбергеновке, С.Коштаевке және Д.Аксеевке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 375 бабы 3 бөлімімен 29.08.2008 жылы әкімшілік істер қозғалып Жылыой аудандық сотына қарау үшін жолданып, аудандық сотының 17.09.2008 жылғы қаулысымен аталған адамдардың әрқайсына 5 840 теңге айыппұл салынды.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстар аудандық құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінде маңызды мәселелерді қараудың және Үйлестіру Кеңесі жұмысының тиімділігін көрсетеді.
Жағымды | Просмотров: 1593 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 17.01.2010 | Комментарии (0)

 ... аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің хабарлауынша Жылыой аудандық әкімиятының « Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыру туралы қаулысын орындау барысында, сондай-ақ аудан бойынша көшелерге атау беру, жер учаскелерін, ғимараттарға реттік номер беру мәселесі бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Елді мекендердегі құрылым санын нақтылап, түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрамы бекітіліп, аудандық ономастикалық комиссиясына аудан бойынша орналасқан атауы жоқ 579 көшенің сұлбасы дайындалып берілді. Сонымен қатар ауыл атаулары мәслихат депутаттары ұсынысымен Самал, Мирас, Мерей, Думан, Мереке, Шұғыла, Бірлік, Атамұра, Мұрагер ықшам аудандары боып өзгертіліп, бірлескен аудандық әкімиятының қаулысы және аудандық Маслихаттың шешімі дайындалды. Аудан бойынша мемлекеттік қала құрылысы картасына осы берілген көше бойынша толық мәліметтер енгізіліп отыр. « Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу мақсатында атқарылған жұмыстары тралы күні бүгінге дейін аудан бойынша 14054 обьекті енгізіліп, соның ішінде тұрақты тіркеу адресі 1054 обьект, бастапқы тіркеу адресі 6048 обьект енгізіліп, берілген жаңа көше атауларымен анықтама дайындалуда. Бұл жұмыстар әрі қарай жандандырылып, жалғасын табатын болады.
Жиналыстар | Просмотров: 606 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

 Мұнайшылар клубында 5,6 ауыл, Мұнайшылар ықшам ауданы, Махамбет даңғылы, Қашаған көшелері тұрғындары алдында есеп беру жиналысы болды. Жиналысқа ықшам аудандардан барлығы 90 тұрғын және Құлсары қаласы әкімі аппараты қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП-ның Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, денсаулық сақтау саласы, ішкі істер бөлімі, дербес бөлімдер және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатынасты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Құлсары қаласының әкімі Ш.Кейкин «Құлсары қаласының 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары және 2010 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады. Баяндамаға қатысты қойылған сұрақтарға сала қызметкерлерімен толықтай жауап берілді. Сөйлеуші тұрғындар Құлсары қаласында жасалып жатқан игі істерге көңілдер толатындығын, әсіресе №5 мектеп жанынан салынған балалар ойнайтын кіші аяқ доп алаңы бала тәрбиесіне, балаларының бос уақытын тиімді пайдалану және спортқа баулуға өзіндік нәтижесін беретінін айтып, орталық базар маңы санитарлық нормаларға сай реттелгенін айта келе қала әкімінің есептік кезеңде атқарылған жұмысына ризашылықтарын білдіріп, қанағаттанарлық бағасын берді. Есептік жиналысқа қатынасқан тұрғындардың көпшіліг ауыз су мәселесін реттеп, жаңа пластикалық құбырмен ауыстырса деген ұсыныстарын білдірді.
Жиналыстар | Просмотров: 1096 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

 14 қаңтар күні Қосшағыл селолық округіне қатысты Қарағай елді мекені тұрғындары алдында селолық округі әкімінің есеп беру жиналысы өтті.
Жиналысқа 25 тұрғын, селолық округі әкімі Е.Сатанғұлов және селолық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Шаухимов қатнасты.
Күн тәртібінде: Қосшағыл селолық округ әкімінің 2009 жылғы атқарылған жұмысы мен 2010 жылы алда тұрған міндеттер туралы есебі тыңдалды.
Сөйлеушілер: Тұрғындар сөйлеп, округ әкімінің 2009 жылғы жұмысы туралы есебіне қанағаттанарлық деп баға берді.
Жиналысқа тұрғындар айтқандай сын-ескертпелердің орындалу барысы туралы тұрғындарға әлсін-әлі хабарлап отыру селолық округ әкімі аппаратына тапсырылды.

Жиналыстар | Просмотров: 1056 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

Қала әкімінің қала тұрғындарымен кездесуге бөлім басшылары мен ауданымыздың белді мекеме өкілдері қатысты.
Әлемдік экономикалық қаржы дағдарысына қарамастан, қаламыздың даму қарқыны бәсеңсіген жоқ. Қала инфрақұрылымын дамыту бағытында қомақты қаржы бөлініп, іргелі істер жасалды. Қала әкімімен кездесуге "Аэропорт, "Жадырасын", " Барлаушы"(Разведка), 1-учаске, 5-учаске және "Достық" ықшам ауданы тұрғындары жиналып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Өткен жылда атқарған жұмыстары үшін қала әкімінің ұжымына алғыстарын да айтуды ұмытпады. Тұрғындар тарапынан жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауыз су құбырын жүргізу, "Аэропорт" ықшамауданына мектеп пен балабақша салу жөнінде ұсыныс, пікірлер айтылды. Барлық сұрақтарға қала әкімі мен бөлім басшылары жауап беріп, жалпы бұл айтылған мәселелерді шешу жоспарда бар екенін, дегенмен бөлінген қаржыға байланысты әрекет жасалатынын ескертті.
Есеп беру жиналысы барысында көгілдір отынның сапасы туралы сөз қозғалып, "Құлсарыгаз" мекемесінің өкілі тұрғындар сауалына жауап берді. Кейбір келеңсіздіктің себебі түсіндірілді.
Биыл тазалық мәселесіне көбірек көңіл бөлінбек. "Жылыой - Тазалық" мекемесі техникамен қамтылатынын, алдағы уақытта қала тазалығын толықтай жақсартуға жұмыстанатынын мекеме басшысы Б.Абдірахманов мәлімдеді. Сиыр жылы шешімі табылмаған мәселелердің барыс жылы бағы жанар деп үміттенеміз.
Кездесулер | Просмотров: 835 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

Қараша елді мекенінің тұрғындары алдында Жем селолық округ әкімі Н.Балғынбаевтың 2009 жылы жасаған жұмысы мен 2010 жылы алда тұрған міндеттер туралы есебі тыңдалды. Жиынға Қараша елді мекенінің 19 тұрғыны мен округ әкімі аппаратының Н.Балғынбаев, Аудан маслихат депутаты А.Төремұрат, селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Б.Қариев, участкелік инспектор полиция аға лейтенанты Н.Ұлханов қатысты. Баяндама талқыланып, "Асет" шаруа қожалығының жетекшісі А.Әзірбаев өткен жылы су аз келгенде округ әкімінің өзі бас болып, Қараша көліне су құйғызғанның арқасында, малдарының судан таршылық көрмегенін айта келіп, су көп келетіндей болса, Қараша тұрғындарының орталықпен қатынастырар Мойнақ бөгетін бұзып кететіндіктен, осы бөгетті мықтап берсе деген ұсынысын бере отырып, әкім жұмысына қанағатанатынын білдірді. "Естөре" шаруа қожалығының жетекшісі Қ.Қалиев қазір елді мекенге тоқ кідіріссіз келіп тұр, биылғы жылы барлық үйге байланысы орнатылды, ауыз судан таршылық көріп отырған жоқпыз, шабындыққа су шығару және елді мекенге су тасқыны кезінде қатынасатын бөгет жөнделсе деген ұсыныс айта отырып, окрпуг әкімінің жұмысына қағаттанарлық деген баға берді.
Жағымды | Просмотров: 589 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

Құлсары қалалық әкіміне қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден қызмет көрсету бөлімшесінің негізгі міндеті басқаның күтіміне мұқтаж балаларға әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету болып табылады. Оларға қарасты бүгінде 90 бала тіркелген. Ол үшін әлеуметтік мамандар бөлінген. Міне, осы бөлімше жетім баланың күйін кешіп, күні кешеге дейін дұрыс кеңсе үйіне жарымай келді. Соның салдарынан әр жерді бір паналап жүрген болатын. Бұл - қызметкерлерге көптеген қиыншылық туғызып келген еді. - Қала әкімі Шәкір Кейкин осы жайды ескеріп, біздің бөлімшеге кеңсе берді. Оның күрделі жөндеуінің басы-қасында өзі жүрді. Сөйтіп, жайлы кеңсеге орналастық. Жөндеу жұмысы аз уақытта бітті. Жылы да сәнді жерде қызмет жасау да өте ыңғайлы болды. Бұл жерде басқа да әкімшіліктің бөлімшелері орналасты. Бұл аудан әкімі Рахметолла Нұғмановтың қамқорлығы деп білеміз. Сондықтан алғысымыз шексіз, - дейді бөлімше бастығы А.Дүйімбаев.
Жағымды | Просмотров: 659 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

Елбасы ұсынған 7 бағыттың ішінде индустриалды-инновациялық жобаларды дамыту айрықша айтылған болатын. Міне, осыны жүзеге асыру мақсатында «Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа тың жобаларды қолға алуда.

Мұнда өткен жылдың басынан бері металл балқыту зауытының құрылысы басталған болатын. Жақында осы құрылысты көруге аудан әкімі Рахметолла Нұғманов арнайы өзі барды. Оның бүгінгі жұмысымен «Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қадіржан Құлтекенов таныстырды. Әкім зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылармен сөйлесті. Ірі жобаны іске асыруда тынымсыз еңбек етіп жатқандарға сәттілік тіледі. Оның құрылысын тездетуді тапсырды. Бүгінде зауытты монтаждау жұмысы қызу қарқынмен жүргізілуде...
Мұнда өткен жылдың басынан бері металл балқыту зауытының құрылысы басталған болатын. Жақында осы құрылысты көруге аудан әкімі Рахметолла Нұғманов арнайы өзі барды. Оның бүгінгі жұмысымен «Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қадіржан Құлтекенов таныстырды. Әкім зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылармен сөйлесті. Ірі жобаны іске асырудағы тынымсыз еңбек етіп жатқандарға сәттілік тіледі. Оның құрылысын тездетуді тапсырды. Бүгінде зауытты монтаждау жұмысы қызу қарқынмен жүргізілуде. Бүгінгі жұмысқа қаржы мекеменің пайда қорынан бөлініп отыр. Ал зауыттың өнімдері - жергілікті құрылысшылар үшін аса қажетті бұйымдар. Ол толық қуатында жұмыс жасағанда жылына 30 мың тонна металл өнімдерін шығара алады.
Зауытқа қажетті шикізат жергілікті жерден табылатын көрінеді. Оған айналадағы шашылып жатқан темір-терсектер молынан жетеді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС-мен және басқа шетелдік компаниялармен металл қалдықтарын алуға келісімшартқа отырған. Жалпы зауыт - Үндістандық «АЛЕЕП» фирмасының қондырғысы екен. Ол іске қосылғанда мұнда 60-тан астам адамға жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Ал толық қуатында болғанда ол көрсеткіш екі есеге дейін өседі деп күтілуде. Бұл - облыс бойынша салынып жатқан тұңғыш зауыт. Әрі сметалық құны да өте жоғары.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде аудан бойынша бірінші инвестициялық жоба құрылысы осы жартыжылдықта қосылады деп күтілуде.
Жағымды | Просмотров: 664 | Загрузок: 0 | Добавил: alfa | Дата: 16.01.2010 | Комментарии (0)

1-10 11-12
Чат
200

Достар
  • IronMan тамаша сайт болуға жақын.Ішінде бағдарлама,әуен,видеоклиптер,мектепке қажет реферат,ғылыми жұмыс, және т.б
  • Онлайн кинотеатр,сурет,аудинаркотик

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0